Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Мәлікова: «Дәрежені алу мақсат болмауы керек»


Episode Artwork
1.0x
0% played 00:00 00:00
Jun 20 2021 45 mins  

Көптен күткен эпизод🥳🥳

Қоршаған орта мәселелері адамзатқа ортақ. Өйткені мұнда мен, сіз, сіздің отбасыңыз, барлығымыз бір аспан астында өмір сүреміз. Бүгіннен бастап бірнеше эпизодты Алматы қаласында өткізіліп жатқан Экомарафон жобасының қолдауымен экология тақырыптарына арнайтын боламыз. Шығарылымдарда «бұл салада кімдер қызмет етеді», «қазір елімізде қандай мәселелер алдыңғы орында» және «біз(азаматтық қоғам) бұл үшін не істей аламыз» сынды түрлі сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.

Алғашқы қонағымыз Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы, Erasmus Mundus бағдарламасының түлегі және қоршаған ортаның қорғаушысы Лаура Алмасбекқызы. Эпизодта осы тақырыптар қамтылды:

  • Шетелдік компаниялар инженер-эколог қызметіне кімдерді алады?
  • Экологтар қай салаларда қажет? Бүгінгі және болашақ нарыққа қажетті мамандар
  • Мектепті бітірген соң бірден жоғарғы оқу орнына түсу міндетті ме?
  • Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының мақсаты және жұмысы туралы
  • «Жас эколог» бағдарламасы: түлектерді жұмысқа орналастыру
  • Қазақстандағы алдыңғы орында тұрған экологиялық мәселелер және оны шешудегі азаматтық қоғамның рөлі
  • Ауаны ластаушы қалдықтар: ЖЭО vs транспорт

Кітаптар: Р.Фюкс «Зеленая революция: Экономический рост без ущерба для экологии», «Отбасы хрестоматиясының» жобасы «Ecosophy немесе киелі табиғат», M.Epstein «Making sustainability work».

Инстаграм: @sendebir.qirpish

Музыка:

Scott Holmes Music - Longest Year

<u>https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year</u>

--- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message