Episode Artwork
1.0x
0% played 00:00 00:00
Jan 19 2022 45 mins  
2019 жылы президент сайлауынан кейін елімізде ірі митингілер өтіп, жас саяси қозғалыстар өмірге келді. Неліктен сайлаудан кейін осындай оқиғалар болды, сайлау құқығы деген не және неліктен бұл құқық маңызды?


Біздің жүргізушілер Заңғар мен Ақерке тәуелсіз бақылаушылар Бэлла Орынбетова және Ғалымжан Оразымбетпен сөйлесіп, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 21-бабы - сайлау құқығы туралы әңгімелесті.


Алғашында газдың қымбаттауына қарсы шыққан Жаңаөзен халқы кейін билікке төрт түрлі саяси талап қойған еді. Сол талаптардың бірі - қала және облыс әкімдерінің сайлауын өткізу.


Бұл подкастан тыңдарман "Сайлау құқығы", "Сайлану құқығы", "Мемлекетті басқару ісіне араласу", "Бақылаушы деген кімдер?", "Әділетті сайлау қалай өтеді?" сияқты сұрақтарға жауап таба алады.


Еліміз үшін қиын кезеңде подкасымызды тыңдап, білім шыңдауға шақырамыз